Еліміздің Ішкі істер министрлігі жолдағы тәртіпті күшейту мақсатында орташа жылдамдықты арттырған жүргізушілерге жаңа айыппұл түрін енгізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды ozgeris.info сайты qaz365.kz сайтына сілтемемен.
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, сағатына 60 км-ден жоғары орташа жылдамдықпен жүргендерге 40 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл 2025 жылғы есеп бойынша шамамен 157 мың теңгені құрайды. Ведомство өкілдері бұл – ең төменгі сома екенін, алдағы уақытта ол өзгеруі мүмкін екенін ескертті.
Сұлтанбаев атап өткендей, қала маңындағы жолдарда орнатылған орташа жылдамдықты бақылау жүйелері арқылы аз уақыт ішінде 15 мыңға жуық өрескел құқық бұзушылық анықталған.
Сонымен қатар, ІІМ қарсы қозғалыс жолағына шығу фактілеріне қатысты жауапкершілікті де күшейтті. Бұрын мұндай бұзушылық үшін жүргізуші 6 айға көлік жүргізу құқығынан айырылатын немесе 20 АЕК (шамамен 78 мың теңге) көлемінде айыппұл төлейтін.
Жаңа өзгерістерге сәйкес:
Егер қарсы жолаққа шығу салдары болмаса – жүргізуші бұрынғыдай 6 айға куәліктен айырылады;
Егер бұл әрекет жол-көлік оқиғасына себеп болса – жүргізуші 9 айға куәліктен айырылады.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру