«Мәйітін өзенге лақтырып жіберген»: Атырауда 23 жастағы бойжеткен өлі табылды

Атырауда 23 жастағы тұрғын 18 қазан күні түнде із-түссіз жоғалып кеткен. Ол Авангард ықшам ауданындағы үйінен шығып, сол қалпы қайтып оралмаған. Арада бес күннен кейін оны өлтіріп, мәйітін өзенге лақтырып жібергені белгілі болды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Полицияға 23 жастағы қыздың жоғалғаны туралы анасы хабарлаған. Бойжеткен 18 қазан күні кешкі сағат 22:00 шамасында үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған.

Болжам бойынша, таныстарының бірі оны көлігіне мінгізіп алып кетіп өлтірген, ал мәйітті сыбайласымен бірге өзенге лақтырып жіберген.

Полиция кісі өлтіру фактісін растады. Тәртіп сақшылары екі бап бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Аталған факті бойынша адам ұрлау және кісі өлтіру баптарына сәйкес, қылмыстық іс қозғалып, жан-жақты тергеу басталды. 24 және 25 жастағы екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп жауап берді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тергеу мүддесі үшін қосымша ақпарат жарияланбайды.

Марқұмның денесі әлі іздестіріліп жатыр.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…