Маңғыстау облысында Бейнеуді экологиялық апат аймағы деп тану туралы қоғамдық тыңдау өтіп жатыр

Бастамашы облыс әкімінің аппараты.

«Маңғыстау облысының әкімдігі Экологиялық кодекске сәйкес төтенше экологиялық жағдай аймағы немесе экологиялық апат аймағы деп жариялау көзделіп отырған Бейнеу ауданының аумағын (акваториясын) зерттеу бойынша жария талқылау нысанында қоғамдық тыңдаулар өткізеді. Материалдар Бірыңғай экологиялық порталда ecoportal.kz «Қоғамдық тыңдаулар» бөлімінде 2024 жылғы 19 сәуірден бастап 20 жұмыс күні ішінде қолжетімді болады «, — делінген хабарламада.

Маңғыстау облысында қоршаған ортаға едәуір теріс әсер ететін 71 кәсіпорын бар, оның 18-і Бейнеу ауданында. Экологиялық рұқсат шеңберінде оларға ластаушы заттардың шығарындыларына лимиттер берілді.

Бейнеу ауданының экологиялық апат аймағы деп танылғысы келетіні 2023 жылдың наурыз айында белгілі болды. Сенаторлар, атап айтқанда, Бекбол Орынбасаров ұсыныс жасады. Оның мәліметінше, Арал теңізінің құрғауы адамдардың денсаулығының нашарлауына, топырақтың сортаңдануына және шаң-тозаңды дауылға әкелді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…