26 мамыр күні Түркістан қаласында Керуен сарай орталығында «NEET жастарының құндылығы» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесу «Жастарды әлеуметтендіру және оңалту» жобасы аясында жалғасын тапты.
Жоба жастардың жұмыс және оқуға келгенде белсенділік танытпау себептері, жобалық кеңсе тарапынан жастарға көмек беру және кәсіби бағдарлау түрлері, NEET жастарының қордаланған мәселелерінің шешу жолдарын қарастыруға бағытталған.
Жастарды болашақ өмірлік жоспарларына ынталандыру және шығармашылық әлеуетті дамыту мақсатында өмірін өнермен өрнектеген ҚР мәдениет қайраткері, «Дарынә сыйлығының иегері айтыскер, ақын Бекарыс Шойбеков жастарға мансап және жеке өсу үшін өмірлік дағдыларды дамытудағы тәжірибелері мен жіберген қателіктері жөнінде айтып берді.
«Ақындық деген оңай нәрсе емес. Сикретті өнер дейді ғой, ол дегеніңіз сан салалы, құпиясы терең өнер ғой. Табанасты біреуге қарасөзбен уәж айтудың өзі оңай емес. Бірақ ол жерде өлеңменен, қолма-қол және ұтымды, шебер, көркем жауап беру керек. Ол қиынның-қиыны. Бірақ, қиын екен деп орта жолдан тастап кетпейсің ғой. Сол секілді кез-келген істі бастадың ба соңына дейін апар. Көзің қорқып, өзіңе сенбей тұруың мүмкін, бірақ жеңіске деген талпыныс ұшқыны болса сен ештеңеден қорықпайсың. Сондықтан талпыну керек, іздену керек, мойымау керек»,- дейді Бекарыс ақын.
Кездесу барысында бүгінгі күні еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар және қай саланы белсенді дамыту керек, жастарды кәсіпкерлік қызметке оқыту, кәсіпкердің қажетті дағдылары, жастарға берілген мүмкіндік пен соны қалай дұрыс пайдалану керектігі жайында сөз болады.
ПІКІР ЖАЗУ