Қызылорда соты 6 жасар екі қызды зорлаған педофилді босатты

lenta.ru

Қызылорда соты алты жасар екі қызға қатысты зорлық-зомбылық жасаған ер адамды қылмыстық жауапкершіліктен босатып, мәжбүрлеп емдеуге жіберді, —  деп хабарлайды

ozgeris.info.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарлауынша, сотталушыға қатысты қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды.

«Ақыл-есі кем Е екі жас қызға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны анықталды. Оған екі бап бойынша айып тағылды: Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі бойынша (Кәмелетке толмаған балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық), Қылмыстық кодекстің 124-бабының 1-бөлігі бойынша (Жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау)», – делінген хабарламада.

Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, сарапшылардың қорытындыларымен, куәлардың айғақтарымен толық дәлелденді.

«Сот шешімімен сотталушы Е ақыл-есі дұрыс еместігіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Сот Қылмыстық кодекстің 16-бабында (Есi дұрыс еместiк) көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданды», – делінген хабарламада.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.