Күзгі демалыста мектеп оқушылары неше күн демалады?

Фото: ғаламтордан

Бірінші тоқсан сегіз оқу аптасынан тұрады. Күзгі демалыс жеті күнге созылады – 2024 жылдың 28 қазаны мен 3 қарашасын қоса алғанда. Негізі, 25 қазан Қазақстанда Республика күні, ал 26-27 қазан сенбі-жексенбі күндеріне сәйкес келетіндіктен, балалар бүгіннен бастап демалады. Сонымен, жалпы каникул 10 күнге созылмақ, деп жазады Ozgeris.info.

Екінші тоқсан сегіз оқу аптасынан тұрады. Қысқы демалыс 10 күнге, 2024 жылдың 30 желтоқсанынан 2025 жылдың 8 қаңтарына дейін жалғасады.

Бірінші сыныптарда 2025 жылғы 3 ақпаннан 9 ақпанды қоса алғанда 7 күнге созылатын қосымша демалыстар енгізіледі.

Үшінші, ең ұзақ тоқсан 10 оқу аптасына созылады, ал көктемгі демалыс 11 күнге, 2025 жылдың 21 наурызынан 31 наурызына дейін жалғасады.

Төртінші тоқсан – сегіз оқу аптасы.

Жоспарға сәйкес, 9-10 сынып оқушылары үшін емтихандар 29 мамыр мен 9 маусым аралығында, 11-12 сынып оқушылары үшін емтихан 30 мамыр мен 12 маусым аралығында өтеді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...