Жанкүйерлер бүгін әуежайда Олимпиададан оралған дзюдошыларды күтіп алды. Сол кезде қола медаль иеленген Ғұсман Қырғызбаевқа жаңа әскери шен берілгені белгілі болды, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
«Көңіл-күй өте керемет. Қазақ еліне, баршаңызға осылай күтіп алып жатөандарыңызға үлкен алғысымды білдіремін. Көңіл-күй тамаша», – деді Ғұсман Қырғызбаев әуежайда.
«Мен әскери адаммын. ЦСКА-да», – дейді ол.
Әуежайда оны күтіп алуға барғандардың ішінде оның қызметтегі басшыларының бірі жүр. Журналистердің сұрағына ол былай жауап берді.
«Ғұсман Олимпиадаға аға лейтенант болып барды. Капитан болып оралды», – деді ол.
Дзюдошы командиріне алғыс айтты.
«Елден шыққанда алтын медаль алам деп шықтым. Соңғы белдесуде 100 пайыз алтын адам деп алам деп тұрғам. Бұйырмай қалды. Қолаға да қанағат. Әлі де күресем. Жеңісімді барша қазақ еліне арнаймын», – дейді Ғұсман Қырғызбаев.
ПІКІР ЖАЗУ