Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Сандықтау ауданында өте жұмбақ артефакт тапты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Дереккөзге сүйе, қазір бұл олжаға қазақстандық ғана емес, шетелдік ғалымдар да таңырқап отыр.
«Артефакт – тасқа қашалған адамның беті. Артефакт туралы Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментіне және жергілікті өлкетану мұражайына хабарланды. Қазір артефакт туралы тек Астанадан ғана емес, тіпті алыс шетелден келген ғалымдарға мәлім болды», – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Ежелгі мүсіннің нақты қай дәуірде пайда болғаны белгісіз. Ғалымдардың бірі артефакт қола дәуіріне жатады десе, кейбірі оны түркі кезеңіне жатқызған.
ПІКІР ЖАЗУ