«Көз жастарын көрдім»: Алтынай Жорабаева күйеуінің нені армандайтынын айтты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Алтынай Жорабаева көпшілікке жолдасы туралы қызықты жайтты айтты. Өнер иесі қызды болатынын білгенде отағасы қандай сезімде болғанын айтты, деп жазады ozgeris.info тілшісі.

Алтынай Жорабаева қаңтар айында кенже қызы бір жасқа толатынына орай Instagram-дағы парақшасында жазба жариялады. Өнер иесі болашақ сәбиінің қыз болатынын білгенде күйеуі ерекше қуанғанын жасырмады. Сөзінше, отағасы қызының есімін өзі қойып, кейін болашақта оның әнші болғанын қалайды екен. Әнші кенжесі қазірдің өзінде микрофонды қолға алып, өлең айтуға тырысатынын жеткізді.

«Аминошкамыз өнер адамы болар ма екен? Әне-міне дегенше, Алла қаласа 7 қаңтар күні 1-ге толады. Құрсағымда жатқанда УДЗ-де қыз деген соң, әкесі есімін де таңдап, «Алла қаласа , қызымыз әнші болса екен. Сен сахнада ән айтқанда немесе жеке концертіңде папа мен мама 1-қатарда отырып, қуаныштың көз жасымен, марқайып, мақтанып отырғанын көріп, сол сезімдерін сезініп, біз екеуіміз де сондай ата-ана болсақ қой деп армандаймын» деді. Кім болса да, ең бастысы, дені сау болып, еліне, дініне қызмет ететін, абыройлы, бақытты, ғұмыры ұзақ қыз болсын», — деп жазды Жорабаева.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Алтынай Жорабаева (@altynaizhorabayeva)


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...