Елордада өткен V Дүниежүзілік Көшпенділер ойынының көкпар сайысынан кейін әлеуметтік желіде қазақ халқын балағаттаған қырғызстандықтар көп болды. Сондай әрекетке барғандардың бірі анықталып, ұсталды, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап.
Ұсталған азамат әлеуметтік желіде ауыр жүк көлігінің кабинасынан Қазақстан туын жұлып алып тастап жатқан видео жариялаған.
Бейнероликтің 21 жастағы авторы Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетіне жеткізіліп, әңгіме жүргізді. Ол эмоцияға бой алдырғанын айтып, екі халықтан кешірім сұрады.
«Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті бұдан кейін арандатушылыққа бой алдырмауға және спорттық ойындар төңірегінде қақтығыстарды үдетпеуге, тоқтатуға шақырады. Бұл екі елдің бауырластық және достық қарым-қатынастарына нұқсан келтіруі мүмкін», — деп ескертті барлау қызметі.
ПІКІР ЖАЗУ