Қордай ауданының ветеринария бөлімінің басшысы өз кабинетінде суицид жасамақ болды. Желіде оқиға орнынан ер адамның қолы қанға боялған фото жарияланды. Бұл туралы HALYQSTAN ххабарлады.
Жамбыл облысындағы Қордай ауданының ветеринария бөлімінің басшысы сол қолының тамырын кесіп тастаған. Оқиға орнына дәрігерлер келіп, оны ауруханаға жеткізді.
Ер адамның мұндай қадамға неліктен барғаны әзірге белгісіз.
Полиция «суицидке ұмтылу» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Қазіргі уақытта ол бойынша тергеудің толықтығына, объективтілігіне және жан-жақтылығына бағытталған барлық қажетті тергеу-жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс Қордай ауданының полиция бөлімі басшылығының бақылауында», — деп хабарлады Жамбыл облысы ПД.
ПІКІР ЖАЗУ