Көкшетауда шешесі мен қызы асырап алған баланы ұрып өлтірген

Фото: Pixabay.com

Көкшетауда асырап алған ұл баланы өлтіргендерге қатысты үкім шықты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Шешесі мен қызы төрт баланы асырап алған. Бірақ оларды жылдар бойы ұрып-соғып келген.

Былтыр көктемде Щучинскте баланың қатыгездікпен өлтірілгені кездейсоқ жағдайда анықталған. Сол кезде жергілікті ауруханаға бес жастағы ұл бала түскен. Оны асырап алған анасы мен асырап алған әжесі ұрып-соққан. Бірақ олар баланың құлап қалғанын, жазатайым жағдай болғанын алға тартқан. Ал дәрігерлерге ұсынған құжат төрт жыл бұрын өлтірген баланың құжаты болып шыққан.

Олардың үйіне келген полиция үйдің ауласына көмілген басқа баланың мәйітін тапқан. Шешесі мен қызы ол бала үшін мемлекеттен әлеуметтік көмек алып келген.

29 жастағы келіншек шешесімен бірге төрт баланы асырап алған. Бірақ ұдайы соққыға жығып отырған.

Сот баланы өлтіргені үшін асырап алған әжесін кінәлі деп танып, 21 жылға бас бостандығынан айырды. Ал 29 жастағы қызы төрт жылға сотталды.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец