Қазақстандағы жол сапасы халықты алаңдатып отыр, деп хабарлайды ozgeris.info.
«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры жүргізген әлеуметтік мониторинг қазақстандықтардың бұл мәселеге қатысты көзқарастарын анықтап, ұсыныстарын жинады.
Мониторинг нәтижесі:
- Қатысушылардың 40%-і өз өңірлеріндегі жолдың жақсарғанын байқағанымен, қалған 60%-тен астамы жағдайдың өзгермегенін немесе нашарлағанын атап өтті.
- Халықтың 68,5%-і жол құрылысының қарқынына наразы болса, 70%-тен астамы жөндеу сапасын сынға алды.
- Респонденттердің жартысы жөндеуден өткен жолдардың тез жарамсыз болып қалатынын айтты.
Мәселелер:
- Жемқорлық пен қаражаттың тиімсіз жұмсалуы (38,83%);
- Жергілікті биліктің жұмысындағы олқылықтар (17,31%);
- Үкімет тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігі (12,2%);
- Жол қызметтерінің сапасыз жұмысы (11,53%).
Ұсыныстар:
- Жол құрылысы мен жөндеу сапасына қоғамдық бақылауды күшейту;
- Қаражаттың жұмсалуын қадағалау;
- Жөндеу кезінде заманауи технологияларды қолдану;
- Жолдардың жарықтандырылуы мен көктайғаққа қарсы шараларды қолға алу.
Маңызды дерек:
Халықтың 77%-і жол сапасына қатысты шағым түсіруге болатын «ҚазАвтоЖол» байланыс орталығын білмейтінін айтты. Бұл ауылдық жерлерде 80%-тен асып отыр.
Қор директоры Дана Рысмұхамедованың пікірі:
«Біз қоғам тарапынан жұмыс барысына, мердігерлерге, жол құрылысы мен жөндеу сапасына қоғамдық бақылау орнатуға деген сұраныстың жоғары екенін көріп отырмыз. Қазақстандықтар бұл мәселені шешу үшін мемлекетпен, бизнеспен әріптестікке әзір. Қорымызда қоғамдық бақылаудың іс жүзінде тексерілген тәжірибесі бар және біз автокөлік жолдарының жағдайын жақсарту үшін күш біріктіруге дайынбыз. Қор белсенділері жағдайды өзгерту үшін ашық бақылау, заманауи технологияларды енгізу және жол жұмыстары кезінде азаматтардың мониторингке белсенді қатысуы керек екеніне сенімді».
Әлеуметтік мониторингке 5681 қазақстандық қатысып, өз пікірін білдірді.
ПІКІР ЖАЗУ