Бүгін футболдан Ұлттық құрама Норвегияға қарсы ойын өтікзеді. Ермұхамед Мәулен өзінің ТикТок парақшасында норвег бапкеріне шапан жапқан сәттен видео жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Желіде тараған видеодан Абзал Қалиевтің Норвегия құрамасының бас бапкері Столе Солбаккенге қазақтың дәстүрлі шапанын жапқанын байқауға болады. Алайда Қалиевтің бұл әрекеті кейбір жанкүйерлерге жақпай қалды.
«Қымыз беріңдер», «Ұтыла салыңдар деп айтыңыздаршы», «Мынадан кейін тең ойнайтын шығар», «Былай шыққан соң лақтыра салатын сияқты түріне қарасаң», «Тағыбергеннің футболкасын тықпалап жатыр ғой», «Қазағым-ай, кім көрінгенге шапан жаба беруден ерінбейді», «Ер адамға қызыл шапан жапқанын бірінші көруім», «Шапанның қадірін түсіріп жатқан жоқпыз ба? Шапанды елге сыйлы, елге сөзі өтетін, құрметке ие адамға жаппай ма?», деп жазды желі қолданушылары.
@e.maulenНорвег бапкеріне шапан жапты.♬ оригинальный звук — user93301305237
ПІКІР ЖАЗУ