«Киіміне, тісіне дейін сын айтады»: Ләйлә Сұлтанқызы анасына тіл тигізгендері туралы айтты

Фото: жеке парақшасынан

Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы анасының сырт келбетін сынға алғандарға желіде жауап берді. Өнер иесі анасының киімі мен жүріс-тұрысына қатысты кері пікірлер жазылатынын айтты, деп хабарлайды ozgeris.info.

Ләйлә Instagram парақшасында анасына жағымсыз пікірлер қалдырғандарға жазбаша жауап беріп, өзінің анасына деген қамқорлығын білдірді.

«Менің анамның киіміне, орамалына, жүріс-тұрысына, тісіне дейін сын айтатындар бар. Сол сыншыларға жауап: мен жанында бола тұра, оған бар жақсылықты жасамасам не істеймін? Жырақта жүргенде өзінен гөрі басқаларды ойлайтыны бар. Қолымнан келіп тұрғанда, анамды барынша жақсы нәрселермен қамту менің міндетім,» — деп жазды Сұлтанқызы.