Ақтөбедегі «Қазхром» компаниясына қарасты карьерде жүк көлігі аударылып, соның салдарынан кабинада отырған 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды ozgeris.info.
Жол апаты бүгін Дөң кен-байыту комбинаты филиалының карьерінде болған. Жүк көлігі қатты жылдамдықпен бұрылып жатқанда аударылып кеткен. Оқиға орнында жүргізуші мен оның жолаушысы көз жұмды.
Облыстық полиция депаратменті тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғанын хабарлады.
Қылмыстық кодекстің 277-3-бабы («Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет») бойынша 3 жылдан 8 жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
ПІКІР ЖАЗУ