Қазақтың қонақжайлығы орыс құдалардың жүрегін жаулады.

Бейнеден кадр

Қазақ халқының қонақжайлылығы тағы да ерекше көрініс тапты. Бейнероликте қазақтар орыс құдаларын ұлттық дәстүр бойынша қарсы алып, дастарханның сәнін келтіретін бас табақ ұсынған, деп хабарлайды ozgeris.info.

Бас табаққа сүр ет, қазы-қарта, жал-жая және басқа да ұлттық тағамдар салынды. Құдалар дастархандағы дәмді тағамдарды сүйсіне жеп, өз алғыстарын білдірді. Бұл көрініс қазақ халқының қонақ күту дәстүрінің қаншалықты жоғары деңгейде екенін тағы бір рет дәлелдеп отыр.

Бейнеролик әлеуметтік желіде жылдам тарап, қолданушылардың жылы пікірлерін жинап жатыр. Көпшілік қазақтардың ұлттық құндылықтарын насихаттап, өз мәдениетін сақтап келе жатқанына ризашылықтарын білдіруде.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Zhuldyzdy News, VINE’s 🇰🇿 (@zhuldyzdy_news)