Қазақстанның батысындағы мұнайды ресейліктермен бірге іздейді

Фото: shutterstock.com

«ҚазМұнайГаз» үлесінің жартысын ресейлік «Татнефть» компаниясына сатқан Karaton Operating Ltd компаниясы қарашада «Каратон Подсолевой» учаскесінде тереңдігі 5500 метр болатын алғашқы ұңғыманы бұрғылауды бастайды, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі orda.kz сайтына сілтеп.

Өзінің телеграм-арнасында мұнай-газ саласының талдаушысы Олег Червинский жазғандай, қазір учаскеде бұрғылау жабдығы орнатылуда. «Каратон Подсолеваны» Қазанда 2024 жылдың басында екі компанияның келіссөздерінің қорытындысы бойынша құрылған Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны әзірлейтін болады.

«Татнефть» Karaton Operating Ltd («Каратон Подсолева» жобасының операторы) 50% акциясын сатып алды. Компания 2023 жылдың қыркүйегінде тіркелген, ал ҚМГ «Каратон Подсолевой» учаскесінде көмірсутектерді барлау мен өндіруге арналған келісімшартты 2023 жылдың жазында алды», — деп атап көрсетеді Червинский.

«Каратон Подсолевой» учаскесі Атырау және Маңғыстау облыстарында орналасқан, жанында «Ембімұнайгаз» АҚ игеріп жатқан кен орындары бар.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пока не стукнул инсульт и не лопнул сосуд, возьмите за правило...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...