Қазақстандық боксшы Иван Дычко америкалық боксшыны нокаутпен жеңді

Фото: Proboxtv

Супер ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко 14 айдан кейін шаршы алаңға оралды. Ол Плант-Ситиде (АҚШ, Флорида штаты) өткен бокс кешінде қарсыласын нокаутпен жеңіп шықты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Иван америкалық Крейг Льюиспен (15-8-1, 8 КО) жұдырықтасты. Қорғаныста мығым, шабуылда ширақ болған Дычко қарсыласын жойқын соққыларымен бірнеше рет есеңгіретті. Нәтижесінде төреші жекпе-жекті екінші раундта тоқтатты.

Қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы 14-ші жеңісіне қол жеткізді. Оның 13-де қарсыласын уақытынан бұрын ұтып шыққан.

Америкалық спорт мамандыра Иван мен өзбек боксшысы Баходир Жалоловтың жекпе-жегі қызық болады деп болжайды. Қос боксшы әуесқой бокста төрт рет жолыққан, оның бәрінде қазақстандық жеңіске жеткен еді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!