Қазақстандық балуан Камиль Куруглиев Испанияның Понтеведра қаласында өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Еркін күрестен Испанияда өткен 20 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір жүлде түсті. Камил Куруглиев жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанып, үздіктер қатарынан көрінді. 92 келіде белдескен еркін күрес шебері жартылай финалда ресейлік балуаннан ұтылған еді. Дегенмен қола жүлде үшін белдесуде Куруглиев ирандық Амиррезза Далириден 8:5 есебімен басым түсті.
Осылайша, Қазақстан қоржыны соңғы жарыс күнінде қола медальмен толықты.
Бұған дейін еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан екінші рет әлем чемпионы атанған.
ПІКІР ЖАЗУ