Abdulla_kzkz Instagram парақшасында бейтаныс әйел қалың малдың бағасы арзан екенін айтқан бейнежазбасы жарияланды, деп хабарлайды ozgeris.info.
Бейнежазбада әйел Қазақстанда қалың мал өте арзан екенін, және оны 10 миллионға дейін көтеру керектігін айтты.
Қазақтарға қалың малдың бағасын 10 миллионға көтеру керек. Неге дейсіз ғой, себебі қазіргі кезде қазақтың қыздарының бағасы Camry-дан да төмен түсіп кетті. 1 жарым, 1 миллион бере салып құтыла салады. Мен, мысалы, бұған өте қарсымын. Бұл жерде мен саудаласып жатқан жоқпын, немесе бір қызды сатып жатқан жоқпын. Бұл жерде қазақ қызының құндылығын, өзіміздің салт-дәстүріміздің құндылығын жаңғыртып, көтеру керек деп ойлаймын. Мысалы, түріктерде қыз алу үшін бәленбай килограмм алтын береді, бірақ ол жақта ажырасу деген нәрсе жоқ. Бізде бүкіл дүние жүзі бойынша ажырасу жағынан почти 1 орынды алып тұр екенбіз. Себебі осындай дүниелерден құнсыздандырудың кесірінен сондай дүниелер болады. Егер де біз бір қызды алу үшін 10 миллион беретін болсақ, 2 жақтың да бір-біріне қарым-қатынасы басқаша болады. Қыз баланың алдындағы жігіттің де деңгейі жоғары болады.
ПІКІР ЖАЗУ