Кәсіпкер келіншек Алтынай Жорабаеваны жылатты

Танымал әнші Алтынай Жорабаева күтпеген жерден автокөлік иеленді, деп хабарлады turkystan.kz.

Әлеуметтік желіде сыйға Алтынай Жорабаеваға фудблогер Индира Жакупова су жаңа Lexus көлігін сыйлады. Әншіні қуантамын деп жылатып алған блогер бұл туралы жазба жариялады.

«Нөлден бастағалы қасымда жүрген, туғанымдай болып кеткен жанашыр әпкемді жылатып алдым. Әпке, сізге не сыйласам да лайықсыз ғой. Басыма небір сынақтар келгенде, кімнің кім екені көрінгенде қасымда қалған жалғыз жанашырым өзіңіз болдыңыз. Менен қолдауыңызды аямадыңыз! Маған деген аппақ көңіліңіздің қасында дүние деген не ол?! Сыйластығымыз арта берсін!», — деп жазды блогер Индира Жакупова.

Осылайша, тосынсыйға тап болған Алтынай Жорабаева су жаңа Lexus-тың иесі атанды.

«Мен шокпын. Төлеу мен Индира өзімізге Lexus аламыз деп алдап шақырыпты. Сөйтсем, менің туған күніме сыйлық екен. Машинаның артына гүл қойып, «Алтынай әпке, мына машина сіздікі» деп жазып қойыпты», — деді әнші Алтынай Жорабаева.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!