Дубайдағы бұрынғы дипломаттың әйелі Карина Мамаш күйеуі ұрып жатқан сәттегі видео мен күйеуі ұрғаннан кейінгі жағдайының видеосын желіге жариялады.
Сәкен Мамаш осыған дейін әйелінің айтқанын жоққа шығарып, әлеуметтік желіде үлгілі отағасы, бақытты жанұя екенін көрсеткісі келіп, біраз видео таратқан болатын. Алайда бүгін Карина Мамаш күйеуінен жәбірленіп, зорлық-зомбылық көрген сәттер бейнеленген видеоны жариялады.
Онда Каринаның бет-аузы көгеріп, мұрнынан қан сауғалаған сәттерін байқауға болады.
«Осы сәтті есте сақтап қалатындай етейік», — деп видео түсірген ол.
Осыған дейін Карина Мамаш күйеуі Сәкен Мамаштың туыстары әжесіне хабарласып, қоқан-лоқы көрсетіп, қорқытқанын айтып, мәлімдеме жасаған еді.
Еске салсақ, Карина Мамаш күйеуінің ұрып-соғатынын айтқан мәлімдемесінен кейін Сәкен Мамаш Дубайдағы қызметінен елге қайтарылған. Елші кеңесшісінің үстінен «азаптау» бабы бойынша іс қозғалды.
ПІКІР ЖАЗУ