Әйгілі қазақстандық актер Тәуекел Мүслім Динара Сатжанға берген сұхбатында өзінің жұбайымен танысу оқиғасымен бөлісті, деп хабарлайды ozgeris.info.
Олардың тағдыршешті кездесуі жарнама түсірілімінде болғанын ,Тәуекел бір қарағанда дәл сол кездесуді тапқанын түсінді.
«Махаббатты көргенде ішкі дауысым «сен осындай қызды іздедің ғой» деді. Бұл жарнамаға дейін менде жұмыста қандай да бір қарым-қатынас бастамаймын деген принципім болған. Бірақ бұл жолы бәрі басқаша болды. Махаббат түсірілімді менен бұрын аяқтады. Ал менің қосымша түсірілімім бар еді. Мен ұйымдастырушылардан Махаббаттың нөмірін сұрадым. Бірақ олар алдымен Махаббаттан рұқсат сұрайық деді. Мен түсірілімді жалғастырдым. 10 минут өткен соң ұйымдастырушы жігіттер келіп, «Махаббат әлі кетпепті, сыртта отыр екен, өзің барып таныссаң болады» деді. Сыртқа шықсам, Махаббат орындықта отыр екен. Оның жанына барып, таныстым және үйіне көлікпен апарып тастауды ұсындым. Солай таныстық», – деді Тәуекел Мүсілім.
Махаббат Мүсілім – Қостанайдың тумасы. Ол Қарағандыда оқып жүріп, Алматыға ауысқан. Алматыға келгеннен кейін 2 айдан соң Тәуекелмен танысқан.
Ақпарат massaget.kz сайтынан алынған.
ПІКІР ЖАЗУ