Әйелге қасақана ВИЧ жұқтырған: Шахтинск тұрғыны төрт жылға түрмеге жіберілді

2015 жылы оған АИТВ (ВИЧ) диагнозы қойылып, емделуден және басқаларды жұқтырудан жалтарғаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертілді. Алайда ер адам тыңдамады. Онымен жеті жыл бірге өмір сүрген сүйіктісі оның диагнозын білмеді. Нәтижесінде әйел жұқтырып, қайтыс болды.

Сот ер адамды ҚК-нің 118-бабының екінші бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, төрт жылға бас бостандығынан айырды.