Иракта 35 жастағы еркек 9 жасар қызға үйленген

Фото: видеодан скрин

Иракта 9 жастағы қыз 35 жастағы ер адамға тұрмысқа шықты, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде Иракта өткен үйлену тойы туралы ақпарат тарады. Қалыңдық 9 жаста, ал күйеу жігіт 35 жаста екені айтылады.

Желі қолданушыларынык мәліметінше, 35 жастағы ер адам 9 жастағы қызға Ирак парламенті некелік келісім жасасу жасын 9-ға дейін төмендеткеннен кейін үйленген. Бұл заң 1959 жылы қабылданған және Таяу Шығыстағы ең даулы заңдардың бірі болып саналады. Заң шииттік мұсылман отбасыларының отбасылық қатынастарын реттейді және балалармен некелесуге рұқсат береді.