Желіде Жігер Ауыпбаевтың екінші рет үйленгені туралы ақпар тарады. Алайда әншінің тойы жалған болып шыққан, — деп жазады ozgeris.info сайты.
Бұл туралы тележүргізуші Анна Данченко мәлімдеді.
«Сонша Қытайдан ұшып келген едім… Досым, ау, мынау қалай болды… Жігер… ПРАНК дейді, ал», — деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ал асаба Жандос Самалбеков беташардан үзінді жариялап, әншінің қара нәсілді қызға үйленгенін жазған.
Жігер Ауыпбаев болса, жалған тойына қатысты мәлімдеме жасаған жоқ. Осыған дейін желідегі парақшасында өзі үшін маңызды күн екенін жариялаған.
@jandos_samalbekov😂😂😂😂♬ оригинальный звук — Jandos_samalbekov
Желі қолданушылары болса, әншінің бұл әрекетін сынап түрлі пікір жазды.
«Қазақтың тойын, дәстүрін мазақ қылдың», «Пранк үшін сонша дүрліктіргені несі», «Қызға ауыр тиген шығар», деп жазды олар.
Айта кетейік, жалған келіннің бетін әнші Нұрлан Еспанов ашқан.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру