Қазақстандық танымал әнші Ayree желіде жеке өміріне қатысты қуанышты жаңалығын жария етті. Өнер иесінің сүйіктісі оған үйленуге ұсыныс жасаған, деп жазады ozgeris.info тілшісі.
Ayree бұл қуанышын бірден Instagram-дағы парақшасында бөлісіп, барша оқырманын қуантқан. Әнші ару бақытты сәтінен видео жариялап, көпшілікке сүйіктісі қалай ұсыныс жасағанын көрсетті.
Белгілі болғандай, өнер иесі ғашығымен бірге Шанхай қаласына арнайы түсірілім жасау үшін барған. Алайда түсірілім барысында ойламаған жерден Ayree-дің сүйіктісі оның алдынан шығып, сақинасын ұсынған. Шоу-бизнес жұлдызы мұндай тосынсыйды мүлдем күтпей, көз жасына ерік берді. Ayree көп күттірмей, ғашығына «Иә» деп жауап берді.
Айта кетейік, әншінің таңдауы Нұркен Қасымов есімді танымал клипмейкерге түскен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ПІКІР ЖАЗУ