«Фигурасы аттай» 45 жасқа толған Мәдина Сәдуақасова ерекше фотосуреттерін көрсетті

Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова 45 жасқа толды. Өнер иесі туған күні қарсаңында ерекше фотосессия жариялап, ел назарын өзіне аударды, деп жазады Ozgeris.info тілшісі.

Мадина Сәдуақасова Instagram-дағы парақшасында ерекше фотосессия жариялап, әсерлі жазба қалдырды. «Осы ғой, бағым бес елі, самғатқан шаттық шырайын. Дəл осы ұлы бақытты әркімге берсін құдайым! Қош келдің, жаңа жасым», — деп жазды әнші.

Желі қолданушылары 45 жасқа толған эстрада жұлдызын жарыса құттықтап, ақ тілегін жаудырды. «Арғымақ пен фигурасы аттай Мадина», «45 жас құтты болсын», «45-ке толды деп кім айтады», «Әлі қыздай ғой. Мадина еш қартаймайды», «Бақытты болыңыз, ұлдың артынан қыз ерсін», «Қандай сұлусың. Жаңа жасың құтты болсын», «Мінсіз мүсінді ару, өте тартымды әрі көрікті», – деп жазуда көпшілік.