Ферроқорытпа зауытында қаза тапқан жұмысшының отбасына қандай көмек көрсетілетіні белгілі болды

Фото: inbusiness.kz

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында қайтыс болған қызметкердің отбасына 10 жылдық жалақы мөлшерінде біржолғы төлем көмек ретінде беріледі, — деп хабарлайды Ozgeris.Info.

«Өкінішке қарай, жергілікті және шетелдік мамандардың кәсібилігіне қарамастан, біздің әріптесіміз, өз ісінің шебері, пеш бастығы Исмайлов Музафар Имантайұлы өмірден өтті. YDD Corporation Музафар Имантайұлының қайтыс болуына байланысты оның туыстары мен жақындарына қайғыра отырып, көңіл айтады. Бүгінгі таңда компания жерлеуді ұйымдастыру, ас өткізу және мазар салу бойынша барлық шығындарды өз мойнына алады, сондай-ақ  отбасына барлық қажетті қолдауды көрсетеді», — делінген компания хабарламасында.

Атап айтқанда, компания келесідей көмек көрсетеді:

  • Отбасын қолдау үшін 10 жылдық жалақы мөлшерінде біржолғы төлем жасайды.
  • Отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмек көрсетеді.
  • Қызметкер мен оның жұбайының барлық несиелерін толық өтейді.

Еске салайық, Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытының сегіз жұмысшысы кенеттен пештен шыққан жалынның салдарынан қатты күйік алып, ауруханаға жеткізілген болатын. Олардың бірі 22 шілдеде қайтыс болды.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...