Есмигүл Куюлова Олимпиада жолдамасына ие болды

Есмигүл
Фото: Сали Сабиров

Дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі Есмигүл Куюлова Олимпиада ойындарында жекелей сында белдесу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

63 келіде күресетін отандасымыз Халықаралық Дзюдо федерациясының қосымша жолдамасына ие болып отыр.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, жекелей сын бойынша Қазақстан құрамасы атынан қатысатын дзюдошылардың саны тоғызға жетті. Осыған дейін Эсмигүлдің аралас командалық жарыста қатысатыны айтылған еді.

Айта кетейік, ерлер санатында Париж Олимпиадасында Қазақстан құрамасының 5 дзюдошысы белдеседі. Олардың қатарында Елдос Сметов (60 кг), Ғұсман Қырғызбаев (66 кг), Данияр Шамшаев (73 кг), Абылайхан Жұбаназар (81 кг), Нұрлыхан Шархан (-100 кг) белдеседі. Ал әйелдер құрамасынан Абиба Әбужақынова (-48 кг), Эсмигүл Куюлова (63 кг), Кәмила Берліқаш (+78 кг) татамиге шығады.

Париж Олимпиадасында дзюдо бәсекесі 26 шілде мен 3 тамыз аралығында өтеді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре