Астана қаласының прокуратурасы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандардың жұмысын ұйымдастырудағы заңдылықтың сақталуын тексерді.
Жалақыны уақтылы төлемеу, сотталғандармен жеке еңбек шарттарын дұрыс жасамау, сондай-ақ еңбек заңнамасында көзделген жұмыс уақытынан (тәулігіне 12 сағаттан) артық жұмыс істейтін сотталғандарды пайдалану фактілері анықталды.
Қадағалау актісі бойынша сотталғандарға жалақы төленді, лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.
Астана қаласының прокуратурасы
ПІКІР ЖАЗУ