Еліміз табысы жоқ кәсіпкерлерді де салық төлеуге міндеттейтін ортаға айналып барады — кәсіпкер

Фото: главныеженщины.рф

Белгілі кәсіпкер өзінің Facebook парақшасында жеке кәсіпкерлердің жанайқайын жеткізді. Айтуынша, еліміз табысы жоқ кәсіпкерлерді де салық төлеуге міндеттейтін ортаға айналып барады.

Гүлбану Майғарина фаст-фуд мейрамханалар желісінің негізін қалаушы. Оның пікірінше, салық мөлшерлемесін көбейту кәсіпкерлерді құрдымға батырады. Ол ҚҚС мөлшерлемесін 20 пайызға дейін көтеру мүмкіндігіне қатысты пікірін білдірді.

Қазақстан тағы да салық саясаты саласындағы маңызды шешімдердің табалдырығында тұр. Үкімет салық саласын кеңейтудің орнына бұрыннан адал салық төлеп келген кәсіпкерлерге жүктемені ұлғайтуға кіріскен. Майғарина бұл тәсілдің тиімсіз екенін айтып отыр.

2021 жылы дивидендтерге 10 пайыздық табыс салығы енгізіле сала салықтық түсімдер күрт кеміп кеткен. Бұл елдің тарихында бұрын-соңғы болмаған оқиға.

Неліктен? Бизнеске қысым артқан сайын, заңды жолмен жұмыс істеу тиімсіз болып қалады да, кәсіпкерлер «көлеңкеге» кетуге мәжбүр болады. Үкіметтің қосылған құн салығын (ҚҚС) 20 пайызға дейін көтеру жоспары жағдайды одан сайын ушықтырады.

Неліктен Қазақстанда адал кәсіппен айналысу жазаға айналды? Біздің салық жүйесі кәсіпкерлер салықты пайда көрмей тұрып төлейтіндей етіп жасалған.

Мысалы, жұмысшы жалдау үшін жалақы қорына 40% салық аударасың. Айына шамамен 250 мың теңгеден жоғары айналымың болса, әр тоқсан сайын қосымша ҚҚС төлеп отыруға міндеттісің. Таза табысың бар-жоғына қарамастан.

Бұл Қазақстанды бизнес жүргізу қиын елдердің біріне айналдырады. Кәсіпкерлер салықтан құтылу үшін компанияларды бөлмейді. Олар мұны бастарын аман алып қалу үшін жасайды.

«Біздің елде жеңіске жеткенің үшін басыңнан сипамайды, керісінше кеудеңнен кері итереді», — дейді кәсіпкер.

Шағын және орта кәсіп – әлемдегі экономиканың негізгі күші

Қазақстандағы еңбекке жарамды тұрғындардың саны 9,2 млн болса, шағын және орта бизнес осының тең жартысына жуығын (4,3 млн адам) жұмыспен қамтуда. 2,2 млн адам осы бір бейнеті көп салада жүр.

Бюджетке түсетін салықтың небәрі 5%-ын ШОБ төлейді, дегенмен елдегі жұмыс орындарының 70%-ы соларға тиесілі. Тіркелген 2 млн компанияның тек 700 мыңы ғана белсенді, оның 200 мыңы жылына 100 мың теңгеден аз салық төлейді.

Соған қарамастан Үкімет ҚҚС төлеу шегін 15 млн теңгеге дейін төмендету мәселесін талқылап жатыр, мұндай жағдайда кәсіпкерлердің 80%-ы қосымша салыққа ілінеді.

Кәсіпкер Ресейден үлгі алуды доғару керек дейді. Қытайдың тәжірибесі біз үшін ұтымды. Ол елде ҚҚС негізгі мөлшерлемесі 13%, кей секторда 9%, 6%, шағын бизнеске 3%.

Сонымен қатар, шағын бизнес үшін 3% мөлшерлеме қолданылады. Бұл шағын және ортакәсіпкерліктің дамуын ынталандырады.

 Немесе Швейцариядан үлгі алуымызға болады. Швейцарияда қосылған құн салығының ставкасы(ҚҚС) әлемдегі ең төмен ставкалардың бірі болып табылады. 8.1% — ҚҚС негізгі мөлшерлемесі;  3.7% – қонақ үй қызметтері үшін төмендетілген мөлшерлеме; 2.5% – азық-түлік, алкогольсізсусындар, дәрі-дәрмектер, кітаптар, газеттер және басқа да қажетті заттар үшін төмендетілгенмөлшерлеме.

«Біздің елмен ұқсастығы көп. Халық саны аз, теңізге шығу жолымыз жоқ. Бірақ Швейцариятәжірибесінің орнына біз салықтық жүктемесі жоғары елдердің тәсілдерін көшіріп отырмыз, ал  бұл елдерді дамушы деп айту қиын», — деп қосты кәсіпкер.

Кәсіпкер осы ретте келесідей ұсыныстарды назарға алу керектігін айтады.

— Бизнеспен «нақты пайда түскеннен кейін» ғана салықтық есептесу тетігін енгізу.

— ҚҚС шегін төмендетпей, керісінше жоғарылату.

— Бөлшек салықты өзгеріссіз қалдырып, біртұтас ставка енгізіп, чек бойынша салықты автоматты түрде ұстауды заңдастыру.

— Салық мөлшерлемесін әділ деңгейде ұстап, кәсіпкерлердің заңды негізде табыс табуына мүмкіндік беру.

«Егер Қазақстан экономикасы мықты бәсекеге қабілетті ел болғысы келсе, онда салық жүйесібизнестің өсуін ынталандыруы тиіс. Салық мөлшерлемелерін арттыру-бұл дәлелденген тұйық жол», — дейді Гүлбану Майғарина.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Каждый диабетик в г.Вашингтон с 13 февраля имеет право получить...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом