15 ақпан — халықаралық балалар онкологиясымен күрес күні.
Елімізде балалар обырына қарсы күрес күніне орай апталық өтіп жатыр. Қазақстан бұл жаһандық бастамаға елеулі үлес қосып, адамдарды маңызды істің айналасына біріктіруге көмектеседі.
2025 жылғы 10-17 ақпан аралығында Қазақстанда халықаралық балалар обырына қарсы күрес күніне арналған хабардарлық апталығы өтуде. Акция шеңберінде бүкіл ел бойынша балалар обыры проблемасы туралы білімді арттыруға, пациенттердің отбасыларын қолдауға және қоғамның ынтымақтастығын дамытуға бағытталған ауқымды ақпараттық науқан ұйымдастырылды.
Әкімдіктердің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен қалалардың орталық көшелерінде, LED-экрандарда, медиабордтарда және медициналық ұйымдарда ерте диагностиканың маңыздылығына, емдеудің заманауи әдістеріне және осы аурумен күресетін балаларды әлеуметтік қолдау қажеттілігіне назар аударатын арнайы бейнероликтер таратылады.
Акцияның мақсаты — қоғамның назарын кішкентай пациенттер мен олардың отбасыларының алдында тұрған мәселелерге аудару, сондай-ақ уақтылы көмек пен хабардарлық көптеген балалардың өмірін сақтап қалуы мүмкін екенін еске салу.
«Біз ақпараттандыру өзгерістерге алғашқы қадам деп санаймыз. Бұл апта балалар обырымен күрестің маңыздылығын еске салып қана қоймай, қоғамның, дәрігерлер мен мемлекеттік құрылымдардың күш — жігерін біздің қолдауымызға мұқтаж балаларға көмектесу үшін біріктіру мүмкіндігі болып табылады», — деп атап өтті акцияны ұйымдастырушылар.
15 ақпанда атап өтілетін халықаралық балалар обырына қарсы күрес күні үміт пен бірліктің символына айналды.
Қазақстан бұл жаһандық бастамаға елеулі үлес қосып, хабардарлық деңгейін арттыруға және адамдарды маңызды істің айналасына біріктіруге көмектеседі.
«Help Today» ҚҚ, «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ, «Қазақстан педиатрларының одағы» ҚБ акциясын ұйымдастырушылар барлық қазақстандықтарды осы бастаманы қолдауға және балалармен және олардың отбасыларымен ынтымақтастық білдіруге шақырады.
- Диагноздың кеш қойылуы
- Балаға нақты диагноз қойылғанға дейін орта есеппен 4 дәрігердің қабылдауына баруға тура келеді.
- 43% жағдайда ата-аналар бірнеше маманға жүгінуге мәжбүр болған.
- 30% жағдайда бала дұрыс онкологиялық клиникаға емес, басқа емханаға жіберілген.
- Ракты ерте анықтау проблемасы
- Ерте диагностика деңгейін көтеру
- Маман тапшылығын шешу
- Емдеу сапасын жақсарту
«Айта кету керек, Денсаулық сақтау министрлігі онкология саласындағы бірқатар мәселелерді шешу бойынша жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, жаңа тарифтерді бекіту, жаңа скринингтерді енгізу және онкологиялық қызметті жетілдіру бағытында шаралар әзірленді. Біз осы бастамалармен таныстық, енді бірнеше өңірде пилоттық жоба іске қосылады», — деп жазды депутат.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру