Әнші Тамара Асар су тасқыны кезінде не үшін шаңғы тепкенін түсіндірді.
Әлеуметтік желі қолданушылары әншінің шаңғы теуіп жүргенін сынап, түрлі пікір жазған. Өнер иесі бұл күнделікті жасайтын жаттығуы екенін айтты.
«Жаман қатын ашуын ыдыс-аяқтан алады» демекші, телефон ұстап, әлі келгендер әртістерді сөз етіп, тіл тигізетіндерді де көріп отырмын. «Шаңғы теуіп, ерігіп жүрсің» дегендерге айтарым: шаңғы тебетін күнге жетейін! Әумин! Ерігіп жүрген жоқпын. Екі аяғымды дұрыс тең басып үйрену үшін екі таяққа сүйеніп күнделікті жаттығуымды жасап жүрмін. Екіншіден, демалыста емеспін, үйімде жүрмін. Дәл су тасып жатқан жолға көпірге қарасты орманда иманымды үйіріп, тілегімді тілеп, жеті нанымды пісіріп, ел үшін қаражат жинағандарға ақша салып отырмын. Шегіртке дегендеріңе оң болсын. Шегірткенің миындай ми жоқ екен сізде! Жоғарыдағыларға жақынсыңдар ғой әншілер дегендерге айтарым: жоғарыға да, төменге де бірдейміз. Біз де – халықтың бөлшегіміз! Ел басына күн туса, бірдей күн кешеміз! Өнер адамдары елдегі жағдайға атсалысып, арнайы ерікті түрде чаттар, орталықтар ашып, қаржылай қолдау көрсетіп жатыр», – деді әнші.
Фото: khabar.kz
ПІКІР ЖАЗУ