Танымал актер Джонни Дептің әйгілі адвокаты Камилла Васкес Астанаға келді, — жазады Ozgeris.info.
Бұл туралы әлеуметтік желіге бірге түскен суреттерін жүктеген журналист Динара Сәтжан хабарлады.
Камилла Васкес — актер Джонни Деппен оның бұрынғы әйелі актриса Эмбер Херд арасындағы сот процесі арқылы танымалдылыққа ие болған қорғаушы.
Джонни Депп пен Эмбер Херд арасындағы сот процесі басталғаннан кейін бір ай өткен соң (актер өзінің бұрынғы әйеліне жала жапқаны үшін сотқа шағым түсірді, әйелі де дәл солай істеді) Дептің мүддесін қорғайтын адвокат Камилла Васкес ел назарын өзіне аударды. Интернет-дүкендерден оның суреті бейнеленген: «Мен Камилла Васкесті жақсы көремін» немесе «Камилла Васкес Президенттікке» деген сияқты ұрандар жазылған футболкаларды сатып алуға болады.
2021 жылы «Best Lawyer» журналы Камилла Васкесті болашағынан зор үміт күттіретін жас адвокаттардың бірі екенін және оны бақылауда ұстап отыру керектігін жазды.
ПІКІР ЖАЗУ