«Дым жоқ». Қуат Хамитов Спорт министрлігіндегі басты мәселені айтты

Фото: instagram.com/kuat__khamitov

Белгілі қазақстандық файтер Қуат Хамитов ұлттық құраманың Париж Олимпиадасындағы көрсеткішіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Оның сөзінше, елде қазақ спортын дамытатын білікті басшы жоқ.

«Қазақстан спортының басты проблемасы – алдағы 10 жылға жоспарының жоқтығы. Спортты дамыту стратегиясы да жоқ. Министрлікке басшылыққа келген әрбірі өз рөлін атқарып, кетіп қалады. Кім және қашан министр болғанына қарамастан пойыз орнынан еш қозғалмайды», — деді Қуат Хамитов Instagram-дағы спорттық пабликтердің бірінде.

Естеріңізге сала кетейік, спорттан ел құрамасы Парижден бір ғана алтынмен оралған еді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Много лет диабета закончились за 2 дня! Теперь сахар в норме...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!