Бүгін Олимпиадада екі қазақстандық балуан белдеседі

Фото: Сали Сабиров

Бүгін, 5 тамызда Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы Олимпиада ойындарында грек-рим стиліндегі балуандар өнер көрсетеді, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Қазақстан атынан боз кілемге Әлімхан Сыздықов (130 келіге дейін) пен Айдос Сұлтанғали (60 келі) шығады.

1/8 финалда Сыздықовтың қарсыласы румыниялық Алин Алексук-Чурариу болады, ал Айдос қырғызстандық Жоламан Шаршенбековпен белдеседі.

Белдесулердің басталуы Астана уақытымен 18:00. Оларды «Хабар» арнасынан тамашалауға болады, трансляция телеараның ресми сайтында қолжетімді.