Астана қаласы мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұлов 8 жылға 6 айға сотталды
Сот оны аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын ысырап еткені үшін кінәлі деп тапты (ҚК 189-б. 4-б. 2-т.).
Бұрынғы шенеунікке қатысты қылмыстық іс Астанада қаралды. Ол Есіл өзенінде «Күн» субұрқағын салуға бөлінген 1 млрд теңгеден астам қаржыны ұрлады деп айыпталды.
Іске қатысы бар тағы бір адам — мердігер ұйымның өкілі Мади Қанапин 3 жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Ол сондай-ақ қаражатты ысырап еткені (ҚК 189-б. 4-б. 2-т.) және қылмыс жасауға көмектесгені (ҚР ҚК 28-б. 5-б.) үшін кінәлі деп танылды.
ПІКІР ЖАЗУ