Бокс федерациясы жақында жұмыстан шеттетілген бапкер Мырзағали Айтжановқа шапан жапты

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан бокс федерациясы ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы, ұлттық құраманы ұзақ жылдар жаттықтырған Мырзағали Айтжановқа құрмет көрсетті, деп хабарлайды ozgeris.info.

«Мырзағали Құланұлының Қазақстан боксына сіңген еңбегі зор. Бүгінгі күнге дейін былғары қолғап шеберлерін дайындауда төккен маңдай терді бағалаймыз және сізге алғыс айтамыз», — деді іс-шарада Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп.

Қазақтың дәстүрі бойынша, Мырзағали Айтжановтың иығына шапан жабылып, бағалы сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында бокстан Қазақстан ерлер құрамасы бір күміс медальмен шектелді. Осыдан кейін Мырзағали Айтжанов және тағы 10 бапкер қызметінен кеткен болатын. Сол кезде әлеуметтік желіде көптеген пікірлер айтылды. Бапкерге лайықты құрмет көрсетпеді, «Instagram арқылы жұмыстан шығара салды» деген сөздер болған еді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины просто испаряются! Намажьте лицо перед сном этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец