Алматы облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Халық бірлігі – жаңартылған Қазақстанның тірегі» атты ХХVІІ сессиясы өтті, — деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық сараптамалық порталы kazlenta.kz сайтына сілтеме жасап.
Отырысқа Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жаңартылған құрамының мүшелері қатысты. Олардың қатарында этномәдени бірлестіктердің, өңірлік ассамблеяның құрылымдық бөлімшелерінің төрағалары мен белсенділері бар.
Алматы облысының басшысы сессияны аша отырып, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты дамытудың, қоғамды біріктірудің және интеграция мен тұрақты жетілдіру қажеттілігінің негізгі аспектілерін атап өтті.
Облыстың көпэтностығын ескере отырып, сіздердің Ассамблея мүшелері ретіндегі рөліңіз — халық арасында бірлік пен келісімді нығайту бойынша мақсатты жұмыс жүргізу. Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі бұдан әрі де бейбітшілікті, достық пен ізгілікті нығайту игілігіне қызмет ететініне, ал біздің өңіріміз ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімнің мәңгі үлгісі болып қалатынына сенімдімін. Осы залда отырған сіздердің әрқайсыңыз осы жылдар ішінде орын алған оң өзгерістерге қатыстыңыз, — деді облыс басшысы Марат Сұлтанғазиев.
Алматы облысы-республикадағы көпэтносты өңірлердің бірі, облыста бір жарым миллионға жуық адам тұрады. Бүгінде облыстық Ассамблеяның активі 30 мыңнан астам адамды құрайды: 35 этномәдени бірлестік, 10 Қоғамдық келісім кеңесі, 10 аналар кеңесі, 18 Медиация алаңы жұмыс істейді.
Сессияда облыстық әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы, облыстық ҚХА мүшесі Асылы Осман, Zoom-конференция арқылы «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев, Алматы облысының «Вайнах» шешен — ингуш этномәдени орталығының төрағасы, Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының Қоғамдық орынбасары Адам Бойсаев және басқалар сөз сөйледі.
Ассамблея мүшелері облыстық ассамблея қызметінің тиімділігін арттыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және оның ұлтаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін нығайту туралы айтты. Спикерлер сондай-ақ әлеуметтік желілердегі жұмысты жақсарту, БАҚ-та этносаясат мәселелерін объективті жариялау үшін журналистер пулын құру мәселесін қозғады. Сондай-ақ, этномәдени орталықтардың өкілдері үшін толыққанды оқыту семинарларын өткізу туралы айтылды, ал жас перспективалы белсенділерді Еуразия ұлттық университетінің магистратурасына «этносаясат»мамандығы бойынша оқуға жіберуді ұсынды.
«Ассамблея жастары» белсенділері атынан ағаш отырғызу, жаңа облыс орталығында «Достық бағын» құру идеясы ұсынылды. Бұл бастаманы қолдай отырып, облыс әкімі 2021 жылы Елбасының бастамасымен ғылым, өнер, медиа, ақпараттық технологиялар және бизнес саласындағы Жастар бастамаларын қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары»гранты берілгенін айтты. Биыл бұл бастама облыс деңгейінде жалғасын табады.
5 бағыт бойынша үш жүлделі орын болады. Сондай-ақ, 15 үздік жоба авторына грант беру қарастырылған. Бұл жоба-әр ауылдың, қаланың ойлы, озық жастары үшін өз идеяларын жүзеге асыруға тамаша мүмкіндік! Ассамблея жастары да осы жұмысқа белсене қатысады деп сенемін, — деді ол.
Сонымен қатар, сессия аясында «Ахыска» түрік этномәдени орталығының төрағасы Шахисмаил Асиевті «Халық алғысы»медалімен марапаттау рәсімі өтті.
ПІКІР ЖАЗУ