Кеше, Бишімбаевтың ісі қаралып жатқан уақыттың ең маңызды оқиғасы болды. Маңыздылығының себебі, сотта айыптаушы тарап үшін ең маңызды деталь анықталған болатын. Бұл детальдың арқасында іс ендігі толық болып көрінеді.
Жасалған қылмыстың себебі анықталды.
Бірнеше ай бойы Бишімбаев пен оның адвокаттары Салтанаттың өлімі кездейсоқтық деп қайталап келді. Өлімге Бишімьаевтың қатысы жоқ екендігін, өлімге кінәлі еден, унитаз, ішімдік екендігін айтып келген болатын. Енді бүгін сотта бұл қылмыстың себебі анықталды. Бірнеше реттік соққыға қызғаныш пен өкпенің себептес болғаны анықталды.-деп өз ойымен Ержан Есімхан бөлісті.
ПІКІР ЖАЗУ