Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті әлеуметтік желіде тараған сотталушы Қуандық Бишімбаевтың колониядан қашып кеткені туралы ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі.
«Қ. Бишімбаевтың қашып кеткені туралы жалған ақпарат таралуда. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Сотталушы жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтеп жатыр», – делінген хабарламада.
Комитет қазақстандықтарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.
«Бұл жалған ақпаратты тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, кінәлілер жауапқа тартылатынын хабарлаймыз», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, 13 мамырда Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі аяқталды. Сот бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты әйелін азаптап, өлтіргені үшін кінәлі деп тапты. Ол 24 жылға бас бостандығынан айырылды.
ПІКІР ЖАЗУ