Танымал театр және кино актері Ерболат Әліқожа алғаш рет ашық сұхбат беріп, өмірінің қиын кезеңі еске алды, деп хабарлайды ozgeris.info.
«Мен өз-өзімді өлемін деп ойлап жүрдім, сол кезде… Үйдің артына барып, құдайға зарымды айтып, жылайтынмын. Мен саған не жаздым деп? Мені бүйтіп қинайтын болсаң, алып кет ана өмірге деп… Әр адамда «полоса» дейді ғой, «Қалаймақан», «Күлкі жәрмеңкесі», «Думан» деген театрда болдым. Депрессияға ұшырадым, содан кейін өзім ауырдым. Белден грыжа болып, төсек тартып жатып қалдым. Әйелім бақты ғой мені, әкем, шешем, үшеуі бақты ғой мені. Қолда таяқ кәдімгі, сөйтіп екі-үш жыл жаттым.
Еркектің сорлы болып қалатыны, үйге нан ала алмай қаласың ғой… Сенің ондай жағдайың жоқ. Бір той жасайтын болдық. Еш қай жерге шақырту алмаймын, киноға да, театрға да… Содан Ерболат, өнердегі достарыңды шақырасың ғой деді… Содан оларға звондасам, біреуі мені танымайды ғой», — деді өнер иесі.
Актер өміріндегі қиын сәтін отандық бағдарламалардың бірінде айтты.
«Мен ғой, Ерболат, «Қалаймақандағы» танымаймын дейді. Кәдімгі дастархандас болған, бір-бірімізбен бірге жүрген балалар, жігіттер қазір елдің алдыңда жүр ғой. Бір адамға мен әлі күнге дейін басымды иемін, ол Өмірқұл Айниязов. Айниязовты соншалықты сыйлайтыным, ол маған: «Сені таппай қалдым ғой» деп айтқан сол ғана болды. Тойға келіп көңілімді көкке жеткізді, ұмытпаймын, ешқашан да ұмытпаймын, қай жерде жүрсем де Өмірқұлды айтып жүремін», — деді актер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ПІКІР ЖАЗУ