«Бір отбасының 8 мүшесі қаза тапқан»: Ердоған көз жасын тыя алмады

Фото: Turkish Presidency/Murat Cetinmuhurdar/Handout/Anadolu via Getty Images

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған жұбайымен бірге Болу провинциясында орналасқан Карталкая тау шаңғысы орталығында болған өрт салдарынан қаза тапқандардың жаназасына қатысты. Бір отбасының 8 адамын бірдей жерлеу рәсімінде Ердоған көз жасын жасыра алмады, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Түркия президентінің ресми сайтында Режеп Тайип Ердоған мен оның жұбайы Эмине Ердоған Болу құрбандарының жаназасына қатысқаны хабарланған. Хабарламада президент сегіз мүшесі бірдей бақилық болған Гюлтекиндер әулетіне барғаны жазылған. Ердоған көз жұмғандардың туыстарына және түрік халқына көңіл айтқан.

TRT Haber мәліметінше, Ердоған жаназада көзіне жас алған.

«Президент Ердоған 8 мүшесінен бірдей айырылған Гюлтекиндер әулетінің жаназасында көз жасын тоқтата алмады», — деп жазады басылым.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…