Бердібек Сапарбаев ақ жаулықты әжелерді арнайы құттықтады

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында бірқатар ақ жаулықты әжелер, көпбалалы аналарға арнайы барып, құттықтады.

Аймақ басшысы ең алдымен «Алтын алқа» иегері Данышпан Исаеваның шаңырағында болып, қарт анаға құрмет көрсетті. Тоқсан жасқа таяған әжейдің жағдайын сұрап, мерекеге орай гүл шоқтарын ұсынып, сый-сыяпат жасады.

Бұдан соң Бердібек Сапарбаев көпбалалы ана Гүлсара Өмірәлиеваның шаңырағына барды. 40 жыл бойы тынымсыз еңбек еткен батыр ана Байзақ ауданында дүниеге келген. Бүгінде 54 немере, 28 шөбересінің тілеуін тілеп отырған ақжаулықты қоғамдағы тыныштық пен елдегі бейбітшіліктің бағасын білуге шақырады.

 Аймақ басшысы бұл күні сондай-ақ облыстық көп бейінді аурухана, облыстық жедел-жәрдем станциясы және Ә.Бөкейханов атындағы №1 мектеп-гимназиясының ұжымымен кездесіп, ондағы әйелдер қауымын айтулы мерекемен құттықтады.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…