«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жамбыл облыстық филиалында 36 миллион теңгенің дизель отыны ұрланғаны анықталды.
Бұл заңбұзушылықты 2023 жылы тасымалдаушы компанияның тексеру қызметі әшкерелеген. Іс материалдары өңірлік экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл жағдайда ‘Қазақстан темір жолы’ зардап шеккен тарап ретінде танылды. Келтірілген нақты шығын көлемі – 36 миллион теңге», – делінген ресми хабарламада.
Іс жақын арада сотқа жолданады деп күтілуде.
Маңызды ақпарат екен!