Белогорка Құндызды болады: Ақтөбеде 20 көшенің атауы өзгереді

Фото: 2gic.kz

Ақтөбенің қалалық мәслихаты «идеологиялық тұрғыдан ескірген және маңызы аз» көше мен тұйық көшелердің атауын өзгерту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы «Диапазон» Telegram арнасы жазды.

Мәслихат аты аңызға айналған әнші Роза Бағланованың құрметіне Кирпичная көшесін, жазушы Сафуан Шаймерденовтің құрметіне Октябрьская көшесін, Алтын Орда билеушісі Тоқтамыс ханның құрметіне Нахимов көшесін атауды ұсынды. Мәслихаттың бастамасымен Станционная көшесіне ақын және жазушы Сырбай Мәуленовтің есімін беруді,  Местпром тұйығын ақын және жазушы Әбу Сәрсенбаевтың атын беру ұсынылды.

Сондай-ақ, Белогорка тұрғын үй алабына — Құндызды, Энергетиктер шағын ауданына — Қазығұрт, Новаторов көшесін — Манартау, Вагонная көшесін — Байғазы, Комсомольская көшесін — Ақтерек, Лачугин көшесін — Сарыкөл, Сәулет көшесін — Сандықтас, Садовая көшесін — Айнабұлақ, Цветовная көшесін – Ыысты, Кандагачская көшесін –Зеренді деп өзгерту ұсынылады, можайскую — Сарыбұлаққа, Бакинский тұйық көшесі- Қағанат деген атаулар ұсынылды.

Астана және Алматы аудандары бойынша барлығы 20 көшенің атын өзгерту ұсынылады. Мәслихаттың тиісті шешімі Республикалық ономастика комиссиясына жіберіледі.

Жуырда Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп Қазақстандағы қала мен көше атауларын тұрғындардың пікірін сұрамастан өзгерту туралы ұсыныс білдірген еді.