Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің әкесі Қыдырғали Байбек істі болып жатыр, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл іс Астананың әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қарауында.
Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бірінші істі 26 маусымда қабылдаған. Ал сот процесі 11 шілдеде бейнебайланыс арқылы өтуі керек еді.
Қыдырғали Байбекке Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 319-бабы бойынша айып тағылды. Осы бапта тиісті жерге құқықсыз өндірістік, тұрғын үй, шаруашылық, гидротехникалық (су шаруашылығы) немесе шаруашылық-тұрмыстық объектілерді заңсыз салу анықталған. Баптың санкциясы заңсыз салынған және құрылысты мәжбүрлеп бұзумен немесе айыппұл салуды қарастырады.
Байбектің әкесінің үстінен қозғалып жатқан екінші іс ӘҚБтК-нің 463-бабының бірінші бөлігі бойынша қаралмақ. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы бұл бап тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi жүзеге асыруды қарастырады.
Айта кетейік, Қыдырғали Байбек Нұрсұлтан Назарбаевтың сыныптасы болып келеді. Бірнеше жыл бойы теміржол саласында жұмыс істеген.
ПІКІР ЖАЗУ