Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева хабарлады.
Оның айтуынша, егер 1 қаңтарда көлдің деңгейі 159 см болса, енді бұл көрсеткіш 174 см жетті.
«Биыл Іле трансшекаралық өзенінен үлкен көлемде су келіп түсті. Осының арқасында Қапшағай су қоймасынан Балқаш көліне екі текше километрден астам су жіберуге мүмкіндік туды. «Қазсушар» АҚ Батыс Қазақстан филиалы Ресейден келген 30 миллион текше метр тасқын суды облыстың Қамыс-Самара көлдеріне жіберді. Соңғы 20 жылда бұл көлдерге су түспегенін атап өткім келеді «, — деді Абдуалиева.
ПІКІР ЖАЗУ